Ualikhanov University түлегі Рүстем Айдарбекұлы Биғариді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (МУИТ) ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!
Рүстем Айдарбекұлының еліміздегі жетекші IT жоғары оқу орындарының бірінің ректоры болып тағайындалуы - Ualikhanov University үшін зор мақтаныш.
Математика, физика және информатика кафедрасының түлегі, Ualikhanov University Түлектер қауымдастығының төрағасы Рүстем Айдарбекұлы өзінің альма-матерімен байланысын үзбей, университеттің дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
Жуырда ол өзі білім алған Математика, физика және информатика кафедрасына заманауи интерактивті панель тарту етті. Бұл құрылғы оқу үдерісінің сапасын арттыруға және студенттердің білім алуына өз үлесін қосатын болады.
Ualikhanov University Рүстем Айдарбекұлына жаңа қызметінде толағай табыс, жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларының сәтті жүзеге асуын тілейді!