Бүгін Ualikhanov University ректорының кеңесшісі, «Әділет» партиясының мүшесі, «Шоқан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Аманбай Сейтқасымов пен Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор, «Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалы Әйелдер қанатының төрайымы Айгүл Жақыпова партия Төрағасы А. Дәдебайдың Алғыс хатымен марапатталды!

Аманбай Асылбайұлы мен Айгүл Досжанқызы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде республикалық сайлауалды штаб құрамында белсенді жұмыс атқарды. Өңірдің елді мекендерін аралап, тұрғындармен және жастармен кездесулер өткізіп, сайлау науқаны аясында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Олар Ақмола облысының қоғамдық-саяси өмірінде де белсенді қызмет атқарып, өңір үшін маңызды қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға, азаматтық диалогты дамытуға және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға жүйелі түрде атсалысып келеді. Қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі - жастармен жұмыс. Осы бағытта жастардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық үдерістерді дұрыс түсініп, саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруына және ел өміріне белсенді араласуына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуде.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы өтті. Құрылтайдың жаңа құрамының жұмысына кірісуі еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды кезең болып табылады.Аманбай Асылбайұлы мен Айгүл Досжанқызын марапаттарымен құттықтаймыз! Қоғамдық қызметтеріңізге табыс, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Ел мен өңірдің дамуына бағытталған еңбектеріңіз жемісті болсын!