Жоғары медицина мектебінің оқытушылары Көкшетау қаласындағы мектептерде ата-аналармен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
9 сәуірде сағат 18:30-да оқытушы Ж.Д. Дюсенбина №9 білім беру мектебінде ата-аналар жиналысына қатысты. 10 сәуірде сағат 18:30-да оқытушы Б.Т. Жандарбекова №3 М.Ғабдуллин ат. мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен кездесті.
Кездесулер аясында оқытушылар Ш.Уәлиханов атындағы университетінде оқудың мүмкіндіктері мен жоғары медицина мектебінің артықшылықтары туралы толық айтып берді, ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық материалдар таратты.