Құрметті талапкерлер!
Ualikhanov University 2026 - 2027 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау науқанының басталғанын хабарлайды.
Егер сіз Ualikhanov University студенті атануды жоспарласаңыз, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, белгіленген мерзімде қабылдау комиссиясына тапсыруыңызды сұраймыз.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
1 шілде – 25 тамыз 2026 жыл
🎓 Білім беру гранты конкурсына өтініштер қабылдау
13 шілде – 20 шілде 2026 жыл
Осы кезеңде талапкерлер мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады.
❗Назар аударыңыз: 18 жасқа толмаған талапкерлердің құжаттары заңды өкілінің қатысуымен қабылданады.
🕘 Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі
📍 Біздің мекенжайымыз
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76(Бас оқу ғимараты)
📞 Байланыс телефондары
Қабылдау комиссиясының мамандары сізге мамандық таңдау, құжаттарды рәсімдеу, білім беру гранты конкурсына қатысу және оқуға түсу тәртібі бойынша толық кеңес береді.
Ualikhanov University-ге қош келдіңіз! Болашағыңызды бізбен бірге бастаңыз!