Университетіміздің бес түлегі Қазақстан Республикасы Құрылтайының құрамына енді:
Өз саласының білікті мамандары ретінде кәсіби тәжірибесімен танылып, мемлекеттік қызметте, білім мен ғылымда, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларында ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген бес түлегіміздің Құрылтай депутаттары атануы - Ualikhanov University үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш.
Түлектерімізді құттықтаймыз! Ел сенімін арқалаған жауапты қызметтеріңіз абыройлы болып, Құрылтайдағы еңбектеріңіз мемлекет мүддесі мен халық игілігіне қызмет ете берсін!