Байқау барысында студенттер білім беру, ауыл шаруашылығы, еңбек нарығы, бизнес-процестерді автоматтандыру және басқа да салаларға арналған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жобаларын ұсынды.
5 миллион теңгелік жүлде қоры үздік стартаптар арасында бөлінді. Жеңімпаздар қатарында AgroMind, Logos AI, нейрондық желі модельдерін іске қосуға арналған жергілікті платформа, TandemAI және QalaJob AI жобалары бар.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бүгін университет қабырғасында дүниеге келген стартаптар ертең табысты компаниялар мен ауқымды технологиялық жобаларға айналсын!