Ualikhanov University ректоры Марат Қадырұлы Сырлыбаев Астана қаласында Жоғары білім қызметкерлері күніне орай өткен форум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат - Марат Қадырұлының жоғары білім саласындағы көпжылдық кәсіби еңбегі мен университетті дамытуға, оның ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтуға қосқан үлесінің жоғары бағалануы.
Марат Қадырұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!