Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының (САААЕ) Аккредиттеу кеңесінің 2025 жылғы 09 маусымдағы шешімімен (№26 хаттама) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мамандандырылған аккредиттеуден өтті деп танылды.

Келесі білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес аккредиттелді:

- 6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігі) 5 жылға

- 8D08101 Агрономия 5 жылға

- 8D08102 Агрономия: Қара жер зонасында органикалық егіншілік 5 жылға

- 8D01502 STEM білім беруде математиканы оқыту 5 жылға

- 6B01420 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP) 3 жылға

- 6B01416 Көркем білім (IP) 3 жылға

- 6B03202 Журналистика 3 жылға

- 6B01202 Мектепке дейінгі білім беру (IP) 3 жылға

- 6B01302 Бастауыш білім беру (IP) 3 жылға

Университеттің профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын лайықты жетістікпен, біздің бірлескен қызметімізді жоғары бағалаумен құттықтаймыз!

Кәсіби және оқу қызметінде жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ш. Уәлиханов атындағы КУ басшылығы