Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) Аккредиттеу кеңесінің 2025 жылғы 30 мамырдағы шешімімен (№96 хаттама) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мамандандырылған аккредиттеуден өтті деп танылды.
Келесі білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес аккредиттелді:
- 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 5 жылға
- 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 5 жылға
- 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, инклюзивті білім беру тьюторы 5 жылға
- 6В01507 Химия және биология (көптілді оқыту) 5 жылға
- 6B05101 Биология 5 жылға
- 6B05301 Физика 5 жылға
- 6B01534 Химия (IP) 5 жылға
- 6B01533 Биология (IP) 5 жылға
- 6B01103 Психология (ІР) 5 жылға
- 6B07102 Машина жасау технологиясы және металдарды кесу арқылы өңдеу 5 жылға
- 6B07203 Астықты сақтау және өңдеу технологиясы 5 жылға
- 6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 5 жылға
- 6В07104 Машина жасау 5 жылға
- 6B07202 Тау-кен ісі 5 жылға
- 6B07301 Ғимараттар мен құрылыстарды BIM жобалау 5 жылға
- 6B11203 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 5 жылға
- 6В10104 Медицина 5 жылға
- 7М10101 Медицина (бейіндік) 5 жылға
- 7М10102 Медицина 5 жылға
- 7R01101 Кардиология (ересек, балалар) 5 жылға
Университеттің профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын лайықты жетістікпен, біздің бірлескен қызметімізді жоғары бағалаумен құттықтаймыз!
Кәсіби және оқу қызметінде жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейміз!
Ш. Уәлиханов атындағы КУ басшылығы