Білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің (ARQA) Аккредиттеу кеңесінің 2025 жылғы 11 маусымдағы шешімімен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мамандандырылған аккредиттеуден өтті деп танылды.
Келесі білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес аккредиттелді:
- 6В01601 Тарих және дінтану 5 жылға
- 7M01501 География 5 жылға
- 6B01515 География (IP) 5 жылға
- 6B11102 Туризм 5 жылға
- 7M04102 Салалар бойынша менеджмент 5 жылға
- 7M04104 Салалардағы экономика 5 жылға
- 7M04107 Корпоративтік менеджмент (ЕMBA) 5 жылға
- 6B04107 Жаһандық менеджмент 5 жылға
- 6B11103 Туризм және қонақжайлылық 5 жылға
- 7M01103 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP) 5 жылға
- 6B01710 Ағылшын тілі (IP) 5 жылға
- 6B01702 Шетел тілі (IP) 5 жылға
Университеттің профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен білім алушыларын лайықты жетістікпен, біздің бірлескен қызметімізді жоғары бағалаумен құттықтаймыз!
Кәсіби және оқу қызметінде жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейміз!
Ш. Уәлиханов атындағы КУ басшылығы