06.02.2025-07.02.2025 бастап Жоғары медицина мектебінің оқытушылары Маржан Нұркенқызы Мырзаханова, Нұрымжан Абайұлы Мырзағұлов және Жанбота Досантайқызы Дүйсенбина әлеуметтік зерттеулер профессоры, Гонконг университетінің Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры қызметін атқаратын Ло Синь Кайдың жетекшілігімен зерттеу дағдылары бойынша бут-кемп курсына қатысты. Бұл тәжірибе алмасуға, заманауи зерттеу әдістерін үйренуге және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге тамаша мүмкіндік. Мұндай бағдарламалар ғылыми әлеуетті дамытуға және медицинада озық тәсілдерді қолдануға көмектеседі.