2026 жылғы 2–6 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің тағылымдамадан өтуші оқытушысы, университет клиникасының урология және гинекология блогы бөлімшесінің меңгерушісі Бегзат Сұлтанұлы Сыманов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жоғары медицина мектебінің білім алушыларына арналған дәрістер циклін өткізді.

«Урология және андрология» пәні бойынша дәрістер қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы мен несеп-тас ауруын диагностикалау және емдеудің заманауи әдістеріне, урологиядағы лапароскопиялық операцияларға, андрология мәселелері мен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға арналды.

Сабақтар барысында инновациялық оқыту әдістері қолданылды: мультимедиялық презентациялар, УДЗ және КТ нәтижелерін талдау, хирургиялық араласулардың бейнематериалдарын көрсету, клиникалық жағдайларды талқылау және диагностикалық әрі емдік тактиканы интерактивті түрде қарастыру.

Өткізілген дәрістер циклі білім алушылардың кәсіби білімін тереңдетуге, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және университеттер арасында педагогикалық әрі практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.