2025 жылдың 28 наурызынан бастап Жоғары медицина мектебінің 4 курс студентіЛекерова Алина Куанышевна Литва денсаулық ғылымдары университетінде (Каунас қ., Литва) студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқудан өтеді.

Оқыту кәсіби құзыреттерді кеңейту, халықаралық тәжірибе алу және медицина саласындағы теориялық және практикалық білімді тереңдету мақсатында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде, студенттердің академиялық алмасуы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетілдіруге, жаңа мәдени ортаға бейімделуге, коммуникативті және ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық бағдарламаларға қатысу тәуелсіз, жауапты және өзіне сенімді болуға көмектеседі. Сонымен қатар, ЖОО-ның беделі артып, шетелдік білім беру мекемелерімен әріптестік байланыстар тереңдей түсуде.