2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күні Астана қаласында ASTANA IT UNIVERSITY базасында Жас ғалымдар саммиті өтті. Жас ғалымдар саммиті – ғылымның түрлі салаларындағы Қазақстанның дарынды жас ғалымдарының басын қосатын жыл сайынғы шара. Іс-шара идеялар алмасу, ғылыми-технологиялық жобалар бойынша ынтымақтастық және елдегі ғылымның дамуына мүдделер мен көзқарастарды талқылау алаңы болып табылады. Саммиттің салтанатты ашылуын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзбен бастады.

Спикер ретінде келесі жас ғалымдар сөз сөйледі: Жақсылық Сәбитов, саясаттану ғылымындағы PhD; Иван Трусов, химия ғылымындағы PhD;Әлия Әлжанова, физика ғылымындағы PhD;Нұрхат Жақиев, физика ғылымындағы PhD.Талқылау тақырыбы жас ғалымдардың жұмыс тәжірибесін ұсынуға арналды.

Спикерлер ғылымның түрлі салаларындағы жетістіктерімен, тәжірибелермен және ғылыми жобаларымен бөлісті. Талқылау жас ғалымдардың ғылыми ортадағы мүмкіндіктері мен болашағын анықтауға, сондай-ақ Қазақстан жастарының ғылыми қызметін одан әрі дамыту жолдарын іздеуге бағытталды.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жас ғалымдар Кеңесінен аталған саммитке ф.ғ.к. Рыспаева Д.С., PhD Искакова Г.Ж. қатысып, қазақстандық ғылымды дамытуда жас ғалымдардың үлесі жайында талқылауға ат салысты.