Бүгін университеттің кафедра меңгерушілері, оқытушылары мен куратор-эдвайзерлеріне арналған әлеуметтік және тәрбие бойынша «Әлеуметтік және тәрбиелік бағыттағы кафедра жұмыстары» және «Студенттік топты қолдаудағы куратор-эдвайзердің рөлі» атты семинарлар ұйымдастырылды.

Семинарға университеттің ПОҚ, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, ішкі қауіпсіздік қызметі өкілдері, психологтар және жастар саясаты департаментінің мамандары қатысты.

Сондай-ақ қауымдастырылған профессор, PhD докторы Сабитова Диана Сайранқызы «Ш.Уәлиханов атындағы КУ» студенттері арасында IGPA тиімділік деңгейін бағалауға арналған зерттеу» тақырыбын ашып көрсетіп берді.

Семинар барысында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Капышев Ардақ Қайыржанұлы 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған тәрбие жұмысының басым міндеттері атап көрсетіп, нормативтік құқықтық базамен таныстырды, ғылыми кеңес шешімі бойынша бірқатар міндеттер қойды.