Бүгін «Қазақстан–Қытай білім беру ынтымақтастығы: жаңа форматтар мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр
Бүгін «Қазақстан–Қытай білім беру ынтымақтастығы: жаңа форматтар мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Бірлесе Даму» ҚҚ. Кездесуге Қазақстанның жоғары оқу орындары мен Xidian University (Сиань электрондық ғылымдар және технологиялар университеті) қатысуда. Іс-шара жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және академиялық әріптестікті дамытуға бағытталған.
Ualikhanov University атынан интернационализация және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Жайлагүл Сағындықова мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға лекторы Ерхан Макатов қатысты.
Қытай Халық Республикасы тарапынан талқылауға Zhang Ge, Shenzhen Electronic Information Industry Association бас хатшысы, Jincheng Zhang, Xidian University вице-президенті, Shouping Zhu, Life Science and Technology мектебі деканының орынбасары, Yang Zhang, International Education мектебі деканының орынбасары, Bo Hu, Life Science and Technology мектебінің профессоры қатысуда.
Ualikhanov University жасанды интеллектті дамыту стратегиясын таныстырып, академиялық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және халықаралық байланыстарды кеңейту бойынша келіссөздер жүргізді.
Тараптар AI, Data Science және білім мен ғылымдағы цифрлық трансформация бағыттарындағы әріптестік перспективаларын талқылады.