Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқу залында Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми семинары өтті. "Тарих және археология" білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Уәли Талапкер Асқарұлы «Беклербек Едіге: аңыз бен ақиқат» атты баяндамасымен сөз алды. Докторант осы баяндамасында диссертациялық жұмысын орындау барысында қол жеткізілген жаңалықтарымен және қорытындыларымен бөлісті. Едіге жырының зерттелу тарихнамасына, тарихи Едіге (дереккөздердегі) мен эпостық Едіге (жыр нұсқаларындағы) арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарына тоқталып өтті.Іс-шара соңында қатысушылар (жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, ізденушілер) баяндамашыға сұрақ қойып, қызықты пікірталас пен пікіралмасу орын алды.