Іс-шараға ҚР Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталығының директоры, бірінші хатшы Налини Сингхал арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар қаладағы йога нұсқаушылары, Көкшетау қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдері және университет қызметкерлері де белсенді қатысты.
Yoga Team Kokshetau командасы, жетекшісі Алена Ериванова, Common Yoga Protocol бойынша арнайы йога сессиясын өткізді.
Шараға 60-қа жуық студент қатысып, йоганың денсаулыққа және рухани тепе-теңдікке тигізетін пайдасы туралы білді. Қонақтар өз сөздерінде йоганың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануға серпін берді.