Іс-шараны Бизнес және құқық жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері ұйымдастырып, баршаға достық пен бірліктің, көктемгі көңіл-күйдің ұмытылмас мерекесін сыйлады.

Қонақтарды әсерлі шығармашылық нөмірлер күтіп тұрды: көңілді билер, жүрекке жеткен әндер мен музыкалық қойылымдар. Әрбір сахналық өнер көрсетілім залды қуанышқа, күлкі мен қол шапалақтауға толтырды.Бұл мереке — университетімізде тек білімге ғана емес, сонымен қатар жарқын әрі мазмұнды студенттік өмірге де ерекше мән берілетінінің тағы бір дәлелі.Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың еңбегі арқасында бұл күн көрермендердің жүрегінде ұзақ сақталады.