Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебінің «NeuroSapiens» командасы Future Lab халықаралық студенттік олимпиадасында құрметті 2-орын иеленді!

Future Lab — заманауи форматтағы медициналық олимпиада. Мұнда қатысушылар симуляторлармен, VR/XR технологияларымен және клиникалық кейстермен жұмыс істеп, практикалық дағдыларын, клиникалық ойлау қабілетін және командалық жұмысты дамытады.

Команда құрамында:

  • Балтабаев Асан Бауыржанұлы
  • Есенжолов Әсет Хайрденұлы
  • Кендирбаева Асылтас Қабдылхамитқызы
  • Төлеубекова Дамира Байбекқызы
  • Тлекбай Сабина Қуанышқызы

Біздің студенттер жоғары дайындық деңгейін, сенімді клиникалық дағдыларын және үйлесімді командалық жұмысын көрсетті.

Команданы лайықты нәтижемен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!