Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Бангкок қаласындағы King Mongkut’s University of Technology Thonburi университетінің (Таиланд) PhD, қауымдастырылған профессоры Pratchayapong Yasri.дәрістер оқып жатыр.

Ол біздің білім алушыларға және оқытушылар құрамына «STEM білім беруге кіріспе» тақырыбында дәрістер жүргізеді.

Бұл – барлық қатысушылар үшін STEM білім берудің заманауи тәсілдері мен принциптерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ ғылым мен технология саласындағы халықаралық байланыстарды орнатып, білім алмасуға арналған бірегей мүмкіндік.