2025 жылдың 2 сәуірінен бастап Жоғары медицина мектебінің 4 курс студенттері Тілекбай Сабина Қуанышқызы мен Серікова Аяна Арманқызы "Семей медицина университеті" КЕАҚ студенттері арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.Бұл бағдарлама студенттердің академиялық және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге, медицина саласындағы білімдерін тереңдетуге, басқа жоғары оқу орындарынан ғылыми және практикалық әзірлемелермен алмасуға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған."Семей медициналық университетінде" оқыту студенттерге жаңа білім беру тәсілдерімен танысуға, сондай-ақ болашақ денсаулық сақтау мамандарына қажетті құзыреттілік деңгейін арттыруға бірегей мүмкіндік береді.