Ualikhanov University-де студенттердің Huawei компаниясының өкілі Нұрсая Аратбаевамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ол компанияның қызметін таныстырып, негізгі жұмыс бағыттары, өнімдері мен сервистері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында студенттер мен жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Кездесуде Huawei ICT Competition 2026 - 2027 халықаралық студенттік байқауына ерекше назар аударылды. Нұрсая Аратбаева байқаудың негізгі бағыттары, қатысу шарттары және жастар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Huawei ICT Competition компанияға болашағынан үміт күттіретін студенттерді анықтауға және технология саласында кәсіби дамуға ұмтылған талантты жастарды қолдауға мүмкіндік береді.
Кездесу қатысушылары заманауи ІКТ индустриясының даму бағыттары туралы кеңірек ақпарат алып, әлемдік технологиялық компанияның қызметімен танысты және оқу кезеңінен бастап кәсіби дамуға мүмкіндік беретін жобалар туралы білді.
Кездесу соңында Huawei ICT Competition 2026 - 2027 байқауына тіркелген студенттер Huawei компаниясының фирмалық сыйлықтарына ие болды.Мұндай кездесулер университет пен индустрия арасындағы байланысты нығайтып, студенттерге кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық жобаларға қатысуға және болашақ мансабының бағытын айқындауға жаңа мүмкіндіктер береді.