Ualikhanov University студенттері биология бойынша республикалық пәндік олимпиадада II орын иеленді
15 - 16 мамыр күндері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «B051 – Биология» бағыты бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Ualikhanov University-дің 6B05101 – «Биология» білім беру бағдарламасының 34 курс студенттері Ермоленко Виктория, Балабас Валерия және Богданова Индира жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте құрметті II орынды иеленді.
Олимпиада барысында студенттер терең білімдері мен кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдеп, дипломдар мен сертификаттарға ие болды.
Команданың ғылыми жетекшілері - биология және МП кафедрасының оқытушылары Гибадилова Айжан Мейрамовна мен Бабенко Ольга Николаевна студенттерді жоғары деңгейде дайындап, жастардың ғылыми-академиялық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл жетістік - Ualikhanov University-дегі сапалы білім мен іргелі дайындықтың айқын көрінісі.
Студенттерімізді жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми жетекшілеріне кәсібилігі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз!