Ualikhanov University-де Медицина жоғары мектебінің студенттері өңірлік трансплантациялық үйлестіруші - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының өкілі Антон Михайлович Жукпен кездесті.

Кездесу барысында орган донорлығының өзекті мәселелері, оның заманауи медицинадағы маңызы, сондай-ақ трансплантологияны дамытудағы медицина қызметкерлерінің рөлі талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамдық диалогты дамыту және жастардың орган донорлығы туралы хабардарлығын арттыру.

Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Осындай кездесулер болашақ дәрігерлердің орган донорлығының маңызын терең түсінуіне ықпал етіп, медицина мамандарының кәсіби және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі.