2022 жылғы 30 қыркүйек күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты шараға университет ректоры М.Сырлыбаев, университеттің проректорлары, оқытушы-профессорлары мен студент-жастары қатысты.
Мәдени шара барысында білім ордасының басшысы М.Сырлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, көп жылдан бері қажырлы еңбек етіп, университеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым-ұстаздарды арнайы марапаттады.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, әуезді әндер шырқалды. Одан әрі университеттің ардагер ұстаздары оқу ордасының аумағына ағаш отырғызды. Бұл үрдістің университет жастары үшін үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Оқу ордасының ұлағатты ұстаздарына зор денсаулық, отбастарына амандық, жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы игі істеріне толағай табыс тілейміз!
Мереке құтты болсын, құрметті Ұстаздар!