18 қарашада Ualikhanov University-де «Қазақстандағы психологиялық және педагогикалық қолдау қызметтерін дамытудың үрдістері мен перспективалары: теорияны тәжірибеге біріктіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараны университеттің Педагогикалық институты, Педагогика, психология және жас ерекшеліктерін дамыту кафедрасы және Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция Қазақстан, Ресей және Арменияның ғалымдарын, педагог-психологтарын, білім беру саласының мамандары мен тәжірибелі сарапшыларын біріктірді. Негізгі мақсат – психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, халықаралық тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын қарастыру.
Конференцияның ашылуында Педагогикалық институт директоры, профессор Ақбота Тастанбекқызы Бексеитова және Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының басшысы Сайран Азнабайқызы Шокимова қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Ғылыми талқылаулар барысында бірқатар маңызды бағыттар қамтылды:
Қазақстандық және шетелдік сарапшылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен, тәжірибелік әдістемелерімен және білім беру ұйымдарында қолданылатын заманауи тәсілдермен бөлісті.
Конференция ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға, мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына және психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.
Ualikhanov University білім беру сапасын арттыруға, балалар мен жастардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға және ғылыми негізделген тәжірибелерді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.