Ualikhanov University-ге Иоанн Павел II атындағы Люблин католик университетінің делегациясы келді
Ualikhanov University-де Польшаның жетекші гуманитарлық жоғары оқу орындарының бірі - Иоанн Павел II атындағы Люблин католик университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, профессор, доктор Дариуш Скурчевски және гуманитарлық ғылымдар докторы, профессор, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Моника Сидор университет басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Әсіресе гуманитарлық зерттеулер, тілдік және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ екі университеттің кафедралары мен ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Люблин католик университетінің таныстырылымы өтіп, онда университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми бағыттары мен халықаралық жобалары ұсынылды.
Ualikhanov University халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп, студенттер мен оқытушыларға академиялық алмасу, бірлескен зерттеулер және кәсіби даму бағытында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды жалғастыруда.