Ualikhanov University проректоры Ардақ Қайыржанұлы Қапышев және биология ғылымдарының докторы, профессор, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің мүшесі Әбілжан Тоқанұлы Хусаинов Целиноград ауданында өткен «Jana Dala / Green Day - 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты.
Еліміздегі ең ірі аграрлық алаңдардың біріне айналған мерейтойлық көрмеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов, дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар мен агробизнес саласының жетекші мамандары қатысты.
Көрме аясында әлемнің 26 елінен келген 200-ден астам компания заманауи агротехнологияларды, ауыл шаруашылығы техникасын, цифрлық шешімдерді, агродрондар мен роботтандырылған кешендерді таныстырды.
Ualikhanov University үшін бұл көрме агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және университеттің ғылыми әзірлемелерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
Бүгінде университет ғалымдары ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллект, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және аграрлық ғылымды дамыту бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізуде.
Бұл жобалар Ақмола облысының әкімдігімен, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен және халықаралық ғылыми орталықтармен тығыз әріптестік аясында жүзеге асырылып, өңірдің аграрлық секторына инновациялық шешімдерді енгізуге және оның тұрақты дамуына үлес қосуда.