Ualikhanov University «Тәжікстан-2026» халықаралық білім беру фестиваліне қатысты
6 - 10 сәуір аралығында Ualikhanov University Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Тәжікстан-2026» шетелдік университеттердің үшінші халықаралық фестиваль-көрмесіне қатысты.
Іс-шаралар Душанбе, Худжанд қалаларында және Данғара ауданында өтті. Фестиваль аясында университет өкілдері белсенді кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар Ualikhanov University ұсынатын білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытты.
Фестиваль Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, АҚШ, Канада, Швейцария, Кипр, Қытай, Корея, Жапония, Малайзия, Гренада және, әрине, Тәжікстан елдерінің жетекші жоғары оқу орындарын бір алаңға тоғыстырды.
Сапар қорытындысы бойынша Сотим Ұлықзода атындағы Тәжік халықаралық шетел тілдері университетімен, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Жаңа серіктестік байланыстар орнатылып, болашақтағы бірлескен жобаларға бағытталған өзара іс-қимылдың перспективалары айқындалды.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және жылы қабылдауы үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.
Орнатылған әріптестік байланыстар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз болады деп сенеміз.