QS Asia University Rankings 2027 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Биыл Ualikhanov University Азия университеттері арасында 701 - 710 орынға ие болып, 80 сатыға жоғарылады. Ал Орталық Азия университеттері арасында 45-орынға тұрақтады.

QS Asia University Rankings жоғары оқу орындарын академиялық беделі, ғылыми-зерттеу қызметі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, халықаралық ынтымақтастығы және басқа да маңызды көрсеткіштер бойынша бағалайды.

Университеттің рейтингтегі позициясының жақсаруы білім беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту бағытындағы жұмыстың оң нәтижесін көрсетеді.

Бүгінде Ualikhanov University білім беру үдерісін цифрландыруға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық беріп келеді.

Халықаралық рейтингтегі бұл нәтиже өңірлік университеттің білім мен ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.Ualikhanov University алдағы уақытта да білім сапасын жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қолдау және халықаралық академиялық кеңістіктегі позициясын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырады.