Қазіргі заманда кәсіби дағдыларды үздіксіз дамыту табысты мансаптың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Осы мақсатта Ualikhanov University-дt түлектерді қолдау мақсатында үздіксіз білім беру мен кәсіби дамуға арналған алаң - Upgrade орталығы жұмыс істейді.
Upgrade орталығы түлектерге білімдерін жаңартуға, жаңа құзыреттерді меңгеруге және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Түлектерге арналған оқу бағдарламалары тегін негізде ұйымдастырылып, кәсіби бағытын сенімді қалыптастыруға ұмтылатын мамандарға бағытталған.
«Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ түлектері арасында жүргізілген талдау нәтижесінде келесі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларына жоғары қызығушылық анықталды:
2025–2026 оқу жылында университет тарапынан келесі біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілді: «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу», «Бизнеске арналған ағылшын тілі», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қосымша білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыру», «Эмоционалдық интеллект», «English Boost: академиялық ағылшын тіліне дайындық курсы», «Жобалық-зерттеу қызметін жасанды интеллектпен интеграциялау».
Бүгінгі таңда 2025–2026 оқу жылы аясында Upgrade орталығында Ualikhanov University-дің 169 түлегі біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті.
Upgrade орталығының дамуы түлектердің еңбек нарығының заманауи талаптарына кәсіби бейімделуіне ықпал етіп, мансаптық өсу мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Upgrade орталығы университет түлектерін кәсіби құзыреттерін дамытуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарына қатысуға шақырады.