AI-SANA бағдарламасы аясында сіздерге AI Startify Incubator платформасында AI-инкубациядан тегін өтуге және өз идеяларыңызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріліп отыр!
AI-SANA бағдарламасына бұрын қатысқан студенттермен қатар, жасанды интеллект, IT және стартап бағыттарына қызығушылық танытатын, бірақ осы уақытқа дейін бағдарламаға қатыспаған студенттер мен жобалық командалар да AI-инкубацияға қатыса алады.
AI Startify Incubator дегеніміз не?
Бұл – жасанды интеллект көмегімен стартап идеясын жүйелеуге, бизнес-модель қалыптастыруға және жобаны әрі қарай дамытуға дайындауға мүмкіндік беретін платформа.
AI-инкубация аяқталғаннан кейін жобаңызды модерацияға жіберіп, оны Қазақстанның Ұлттық стартаптар витринасында жариялауға мүмкіндік аласыз.
Ең белсенді қатысушылар мен үздік жобалар AI Startify Inc. (USA) сертификаттарын алуға және әрі қарай қолдауға ұсынылуы мүмкін.
Қалай қатысуға болады?
Тіркелу, промокодты пайдалану немесе AI-инкубациядан өту бойынша сұрақтар туындаса, WhatsApp қолдау тобына қосылыңыз:
https://chat.whatsapp.com/ELCgYst7DvvBIyGcK52WGc
Өз идеяңызды шынайы жобаға айналдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!