2026 жылғы 1 қазанда Ualikhanov University Үздіксіз білім беру институтының Дайындық бөлімінде жаңа оқу жылы басталды.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Дайындық бөліміне 40 тыңдаушы қабылданды. Олардың 30-ы - Қытай мен Моңғолиядан келген ұлты қазақ шетел азаматтары, ал 10-ы - тілдік дайындық бағдарламасы бойынша білім алатын Қазақстан азаматтары.

Дайындық бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелден келген қандастардың Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуіне қажетті білім мен тілдік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік жасау. Оқу жылы барысында тыңдаушылар білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын жетілдіреді және еліміздің жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысады.

Ualikhanov University шетелдегі қандастарымыздың тарихи Отанында білім алуына қолдау көрсетіп, олардың жоғары білімге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді.

Барша тыңдаушыға жаңа оқу жылында сәттілік пен білім жолында толағай табыс тілейміз!