Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне Португалиядағы Азор аралдары университетінен шетелдік ғалым Габор Пожгай келді. Ол сапарын «Климаттық сын-қатерлер жағдайында Ақмола облысының тұрақты дамуы: жаһандық үрдістер мен өңірлік шешімдер» атты халықаралық жоба аясында жүзеге асыруда. Ол – экология, эволюция және қоршаған орта өзгерістері орталығының зерттеушісі. Ғалым сапары барысында біздің әріптестерімізбен бірге өңірдің биоалуантүрлілігі, экологиясы және тұрақты дамуы бойынша жұмыс істейтін болады.