Польша және Испания елдерінің ғалымдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жұмысын бастады
Инженерия ғылымдарының докторы Моника Кулиш (Польша, Люблин техникалық университеті) және профессор Игнасио Менендес-Пидаль де Наваскес (Испания, Мадрид техникалық университеті) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады.

Олардың зерттеулері климаттық өзгерістер жағдайында Ақмола облысының орнықты дамуына арналған халықаралық жобаның аясында жүргізілуде.Моника Кулиш экологиялық көлікті енгізу мүмкіндіктерін талдаса, Игнасио Менендес-Пидаль аймақтарды қауіпсіз және орнықты дамыту үшін геоинженерлік шешімдерді ұсынады.Бағдарламада — университет оқытушыларымен кездесулер, зерттеу топтарымен жұмыс және өңір кәсіпорындарына шығу көзделген.

Жоба қорытындылары ғылыми жарияланымдарға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстарға негіз болады.