Педагогикалық институт пен құқық пен бизнес жоғары мектебінде университет психологтары А. Манапова мен А. Абитаева 10.01.2025 "Аутодеструктивті минез-құлақтың алдын алу" тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Практикалық жұмыс барысында педагогтар суицидтік мінез-құлықтың себептері, факторлары, динамикасы туралы плакаттар құрастырып, таныстырды; суицид қауыпы байқалған жағдайда анықтау белгілерінің тізімін жасады.Егер студентте суицидтік мінез-құлық белгілері байқаған жағдайда куратордың іс-әрекеттерінің тізімін жасады (іс-қимыл алгоритмімен танысты).

-

Жедел көмек пен қорғауды қажет ететін студенттерді уақтылы анықтаудың маңыздылығы аталды;

шұғыл алғашқы көмек көрсету, білім алушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стресстік жағдайды жеңілдету жолдарын іздестірді;

кураторлық сағаттарда "Мен" позитивті бейнесін, жеке тұлғаның ғана емес, басқа адамдардың да бірегейлігі мен өзгешелігі туралы түсінік беруді, болашақтың оң перспективасын қалыптастыруды, жанжалдарды шешу жолдарын үйретуді көздеді.

-