8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ualikhanov University - де салтанатты іс-шара өтті.

Керемет мерекелік концертті университет ректоры Марат Қадирұлы ашты. Ол өз сөзінде жиналған барлық әйелдер мен қыздарға зор денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ университет өміріне қосқан маңызды жетістіктері мен үлестерін мойындайтын лайықты «Алғыс хаттар» табыс етілді.

Жоғары медицина мектебінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара келе жатқан Халықаралық әйелдер күнінің ерекше символына айналды.Шара қуанышқа, күлкіге, қызыққа толы болды. Студенттеріміз бен қызметкерлеріміз шығармашылық қойылымдар қойып, құттықтаулар айтып, жарқын сәттер мен шабыт сыйлады. Оқушыларымызға көктемгі көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!