Ғылым айы аясында 10 сәуір күні сағат 17:00-де (ректораттың) кіші залында «Су сапасы» ғылыми-зерттеу зертханасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы ауыз судың сапасы мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Көкшетау қаласындағы ауыз су мәселелерін талқылауға белсенді қатысқандары үшін келесі мекемелердің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз: «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК; Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы; Ақмола облысы бойынша экология департаменті; Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Іс-шара барысында телемұнара маңындағы су тазарту станциясындағы тазарту құрылыстарының жай-күйі туралы баяндамалар тыңдалып, тұрмыстық сүзгілер арқылы суды қосымша тазартудың салыстырмалы сипаттамалары көрсетілді.

Аталған тақырып бойынша нәтижелі талқылаудың резолюциясы ретінде келесі шешімдер қабылданды:

  1. Қуаттылығы 30 мың м³ судан асатын жаңа су тазарту станцияларын салу;
  2. Қалаішілік су тарату желісін толық ауыстыру жұмыстарын жүргізу;
  3. Коагуляция цехының жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Мұндай іс-шаралар қаламыздың ортақ мәселелерін шешуде ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал етеді!