Ualikhanov University-де жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары үшін...
Ualikhanov University-де жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары үшін ерекше форматта ұйымдастырылған ашық есік күні жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында талапкерлер университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, оқуға түсу талаптары мен грант мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Сонымен қатар, оқушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылып, студенттік өмірдің атмосферасы көрсетіліп, белсенді студенттер мен оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алды.
Ашық есік күні – бұл тек таныстыру алаңы ғана емес, болашаққа жасалған маңызды қадам. Осындай кездесулер жастардың өз жолын айқындауына үлкен мүмкіндік береді.