Ualikhanov University-де XVIII Республикалық пәндік олимпиада қорытындыланды
2026 жылдың 27–28 сәуір күндері Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында «6В01707 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейін бағалап қана қоймай, олардың кәсіби ойлау қабілетін, пәнаралық ортада шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
- I орын – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- II орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
- III орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті
Арнайы номинациялар:
- «Үздік тест» – SDU University студенті Жахат Аяулым
- «Үздік кешенді тілдік және әдеби-теориялық талдау» –Ш. Есенов атындағы университет студенті Асылхан Әсем
- «Үздік сабақ өткізу» – Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ студенті Слан Назерке
Республикалық пәндік олимпиада - студенттердің кәсіби әлеуетін ашуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды білім алаңы. Олимпиада барысында қатысушылар үш кезең бойынша - тестілеу, кешенді талдау және сабақ өткізу форматында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Бұл зияткерлік дода - жас филологтардың кәсіби қалыптасуына серпін беріп, еліміздің білім беру жүйесіне білікті кадрлар даярлауға өз үлесін қосады.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғылыми ізденістеріңізге табандылық, шығармашылық шабыт және кәсіби жолдарыңызда биік белестер тілейміз.
Олимпиаданы жоғары кәсібилікпен және әділ бағалаған қазылар алқасына шынайы алғысымызды білдіреміз.