Ualikhanov University-не философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Narxoz University Тұрақтылық және даму институтының директоры Brendan Duprey келді
2026 жылғы 16–30 сәуір аралығында «Тау-кен ісі» және «Экология» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасында «Тұрақты даму және климаттың өзгеруі» тақырыбында дәрістер курсын өткізуде.
Сапар аясында Брэндон Дюпрей докторанттармен және кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіп, Ақмола облысындағы алтын өндіру кәсіпорындарындағы практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, университет ректоры Сырыбаев М.К.-мен кездесу өтті, онда академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер халықаралық тәжірибе алмасуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және тұрақты даму мен экология саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.