27 қазанда Ualikhanov University-де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамалары шеңберіндегі «Салауатты университеттер» жобасы аясында студенттерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Жадыра Камалиева және департаменттің бас маманы Айым Бейсембаева қатысты.

Мамандар студенттерге денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ күнделікті өмірде салауатты дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесудің басты мақсаты – студенттердің денсаулық мәдениетін арттыру, аурулардың алдын алу және университет ортасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Салауатты университет – дені сау ұрпақтың кепілі!