Ualikhanov University-де университет ректоры Марат Қадырұлы Сырлыбаевтың жыл сайынғы есептік кездесуі өтті. Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, университеттің негізгі жетістіктері мен алдағы даму басымдықтары таныстырылды.

Ректор өз баяндамасында білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және университеттің инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Кездесуде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру және ғылыми қызметке енгізу, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру, сондай-ақ университеттің өңір дамуына қосатын үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар университеттің халықаралық рейтингтердегі нәтижелері, академиялық серіктестіктері, студенттердің жетістіктері мен ғылыми-инновациялық бастамалары туралы ақпарат берілді.

Республика күніне орай кездесу аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Білім беру мен ғылым саласындағы еңбегі және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің медальдарымен, төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ университет ректорының грамоталары мен алғыс хаттары, ақшалай сыйақы сертификаттары табысталды.

Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.