Ualikhanov University-е жаңа “Shoqan” спорт клубының салтанатты ашылуы өтті! Бұл маңызды оқиға университет студенттері мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дамыту және корпоративтік рухты нығайту жолындағы тағы бір қадам болды.

Клубта командалық және жеке спорт түрлерін қамтитын 12 спорт секциясы бар: баскетбол, волейбол, футзал, шағын футбол, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, президенттік көпсайыс, дойбы және шахмат.

Студенттер мен ұстаздарды спортқа және салауатты өмір салтына баулу мақсатында «Шоқан» клубының спортта тәжірибесі мен жетістіктері бар, өзгелерді де жоғары жетістіктерге жетелейтін амбассадорларды енгізеді. Заң кафедрасының лекторы Ерлан Наурызбаев «Шоқан» СК-ның алғашқы амбассадоры.

Сондай-ақ шара аясында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында XXII «Денсаулық-2025» спартакиадасының жеңімпаздары марапатталды. Қатысушылар нағыз спорттық рухты, табандылық пен тамаша нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
• 1 орын – көпсалалы колледж
• 2 орын – С.Сәдуақасов атындағы агротехникалық институт
• 3 орын – Жоғары медицина мектебі

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және “Shoqan” клубының барлық қатысушыларына үлкен табыстар, күш-қуат және спорт аренасында жарқын жетістіктер тілейміз!