Бүгінгі күн – жас дәрігерлер үшін ерекше әрі есте қаларлық сәт. Ualikhanov University-дің Жоғары медицина мектебінде қазақстандық студенттермен қатар, шетелдік білім алушылар да табысты білім алуда. Бүгін олардың бір бөлігі кәсіби жолға алғашқы қадам жасап, диплом иегері атанды.

Салтанатты диплом табыстау рәсімі түлектерді, оқытушыларды, тәлімгерлерді, ата-аналар мен қонақтарды бір арнаға тоғыстырып, маңызды белестің аяқталып, жаңа кәсіби өмірдің басталғанын айшықтады.

Құрметті түлектер, сіздерді осы айтулы жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ualikhanov University қабырғасында алған білімдеріңіз кәсіби табыстарыңыздың берік негізіне айналып, адам денсаулығын қорғау жолындағы игі қызметтеріңізге жол ашсын.

Сіздерге кәсіби табыс, биік белестер, үздіксіз даму және таңдаған мамандықтарыңызға адалдық тілейміз!