Ш. Уәлиханов атындағы университетте студенттер мен оқытушылардың бас және облыстық прокуратура қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ақмола облысының Прокуратурасы ұйымдастырды.

Кездесу барысында құрметті қонақтарға прокуратура қызметінің тақырыбы бойынша кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұсынылды, сондай-ақ салтанатты жағдайда "Болашақ прокурор кеңесігі" атты прокурор бұрышы ашылды. Университетке сыйлық ретінде заң студенттеріне арналған кітапхана қорын толықтыратын кітаптар берілді.

Бас ғимараттың мәжіліс залында өткен кездесудің модераторы Ақмола облысы Прокуратурасы аппаратының басшысы Е.Ш. Жандосов болды.

Бас прокуратураның кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Ілияс А.Ж., Бас прокуратураның Кадр қызметі департаменті басқармасының бастығы Уәли Е. З., облыстық прокуратура аппаратының басшысы Е.Ш. Жандосов, Прокурордың кадр қызметі жөніндегі аға көмекшісі Е.Е. Кәріпов, университеттің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры А.К.Капышев сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап беріп, кездесуге белсенді қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер талқыланды. Студенттерді құқықты қолдану практикасы, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысқа орналастыру тақырыптары қызықтырды. Барлық сұрақтарға сындарлы жауаптар берілді, мысал ретінде практикалық жағдайлар келтірілді.

Құқық кафедрасы Ынтымақтастық туралы меморандум негізінде Ақмола облысының прокуратурасымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Облыстық және Бас прокуратурада университеттің елуден астам түлегі қызмет атқарады. Бітіруші курстың студенттері прокуратурада және басқа құқық қорғау органдарында кәсіби тәжірибеден өтеді.

Мұндай кездесулер мамандарды ерте бейіндеуге ықпал етеді, прокуратура органдарының жұмысын ұйымдастырудың сипаты, әдістері мен тетіктері туралы түсінік қалыптастырады.

Өткізілген іс-шара үшін алғыс білдіреміз және одан әрі ынтымақтастық перспективаларына сенімдіміз.