Биыл «Жалпы дәрігерлік практика», «Терапия», «Хирургия», «Акушерия және гинекология» білім беру бағдарламалары бойынша 70 жас маман оқуын сәтті аяқтады.
Салтанатты рәсімге Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Нариман Ермекұлы қатысып, түлектерді маңызды белеспен құттықтады. Ол жас дәрігерлердің көпшілігі өңірдің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, халық игілігі жолында қызмет атқаратынына сенім білдіріп, оларға ақ жол тіледі.
Түлектерге ізгі тілегін университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Динара Сәрсенбайқызы Рыспаева жеткізді. Ол жас мамандарға кәсіби табыс, таңдаған мамандығына адалдық, үздіксіз даму мен жауапты қызмет жолында толағай жетістіктер тіледі.
Дәрігер дипломын алу – табандылықты, үлкен жауапкершілікті және толық берілуді талап ететін көпжылдық еңбектің нәтижесі. Бұл – тек мамандық емес, адам өмірі мен денсаулығына қызмет етуді мақсат еткен асыл миссия.
Алда жас мамандарды үлкен жауапкершілік пен маңызды міндеттер күтіп тұр. Олардың білімі мен кәсібилігі қоғам денсаулығын нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететіні сөзсіз.
Интернатура түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер және дәрігерлік мамандықтың биік құндылықтарына әрдайым адал болуын тілейміз.