Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні (1 наурыз) жыл сайын азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша және туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын енгізу мақсатында атап өтіледі. Әдетте іс-шара белгілі бір ұранмен өтеді, ағымдағы жылы ол: "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі".

2023 жылғы 17 наурызда Ualikhanov University-де азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өтті. Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары бастықтың орынбасары Қайрат Қасымның басшылығымен азаматтық қорғаныс айлығы аясында дала госпиталін өрістету бойынша дәрістер, оқу-жаттығулар өткізді, құтқару жабдықтары мен техникаларының көрмесін ұйымдастырды.

Мұндай іс-шараларды өткізу студент жастардың назарын өзінің және жақындарының қауіпсіздігі, үйде де, қоршаған ортада да қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне аударады.