Ualikhanov University Күміс университетіндегі кезекті, төртінші оқу жылы сертификаттар, алғыс хаттар және курс есептерімен, салтанатты іс-шарамен аяқталды. Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Айгүл Жакупова түлектерді оқу нәтижелерімен және бүкіл оқу кезеңінде белсенді қызметімен құттықтады.

Үшінші жастағы университеттердің Халықаралық Қауымдастығына (AIUTA) (Франция, Тулуза қ.) кіру және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында Қазақстандық Күміс университеттердің қауымдастығын құру білім беру курстарын іске асыруға жаңа сапа әкелгені және тұтастай алғанда жобаның дамуына әсер еткені атап өтілді.

2024-2025 оқу жылында тыңдаушылардың жалпы саны 138 адамды құрады. Барлығы 13 курс жүзеге асырылды, 27 тегін мастер-класс өткізілді, Қазақстан бойынша 7 тур және Өзбекстанға экскурсиялық тур ұйымдастырылды.

Күміс университеттің оқытушылары, мамандары, тыңдаушылары және бакалавриат студенттері оқу жылындағы белсенді жұмысы үшін университет ректоры Марат Сырлыбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында "Жаңадан үйреніп жатқандарға арналған еxcel" курсын іске асырған 2-курс студенті Марченко Виталий, "Салауатты тамақтану" клубының жүргізушілері Созинова Валентина мен Сүлейменова Валентина, Өзбекстан бойынша турды ұйымдастырушы кәсіпкер Родина Олеся және т.б., олар егде жастағы азаматтардың өмірін жарқын, мағыналы және жаңа дағдыларға қанықтырды.

Тыңдаушылардың негізгі жетістіктерін сахнада тыңдаушылар ұжымы көрсетті.

Көкшетау қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Бақыт Смағұлов түлектерді құттықтап, оларға ұзақ жылдар бойы белсенді өмір сүруге тіледі.

Айгүл Жакупова келесі оқу жылына 55 жастан асқан азаматтарға арналған 19 тақырыптық курс іске қосылатынын, Қытайға шетелдік тур және Братислава (Славакия) қаласындағы экономикалық университетте жазғы мектепке бару жоспарланғанын хабарлады.

Күміс университеттің тыңдаушыларын күтетін басты оқиға - Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан кіретін Орта Азия Күміс университеттерінің хабын құру.

Ш. Уәлиханов атындағы университет 2025-2026 оқу жылында ұйымдастырылатын Күміс университеттің курстарына қабылдау жүргізеді!